08 қаңтар 2022 13:09

Президент Тоқаев жедел штаб отырысын өткізді

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штабтың отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штабтың отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрінің міндетін атқарушы және қорғаныс министрінің міндетін атқарушы баяндама жасады.

Мемлекет басшысы террорлық шабуылдардан зардап шеккен әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық нысандардың, Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі инфрақұрылымның қалпына келтірілуі мәселесіне аса назар аударуды тапсырды.

Реклама
Реклама

ҰҚШҰ бітімгерлерінен тұратын бөлімшелерінің күзет функциясының арқасында Нұр-Сұлтанда қазақстандық тәртіп сақшылары күшінің бір бөлігін босатуға мүмкіндік туғаны атап өтілді, енді олар Алматыға терроршыларға қарсы операцияларға тартылады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының мүддесіне сай жағдайды тұрақтандыру үшін үйлесімді әрі жедел шаралар жүргізуді тапсырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram