21 қаңтар 2022 14:49

Президент Тоқаев Жоғарғы сотқа тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жекеменшікке қолсұқпаушылық және дауларды шешудегі соттардың рөлі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жекеменшікке қолсұқпаушылық және дауларды шешудегі соттардың рөлі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елдің жаңа экономикалық бағытының шекарасын анықтауымыз керек. Мына жүйелік сұрақтарға жауап болуы керек деп санаймын. Біріншісі - жекеменшікке қолсұқпаушылық. Мұның бәрін ашық және әділ сот қамтамасыз ететінін бәріміз түсінеміз. Бұл бағытта оң шаралар қабылданып жатыр. 2021 жылдың шілдесінен бастап Әділет әкімшілігі жұмыс істей бастады. Оның қағидаттары мен рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы дауларды барынша объективті шешу үшін пәрменді құралға айналды", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы соттарға келіп түскен шағымдардың саны артып бара жатқанын, олардың саны 14 мыңнан асатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Үкіметке Жоғарғы сотпен және ҰКП-мен бірге мемлекеттік органдар қызметінің теріс тәжірибесіне талдау жасауды және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Егер сот мемлекеттік органның сол қателерін түзетсе, онда мұндай басшы болмайтыны анық. Жоғарғы соттан алаңдатарлық сандарға назар аударуды сұраймын", - деп тапсырды Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram