Президент Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Уәлидің айтуынша, бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.

"Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де "Хабар-24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама