Президент Тоқаев Қалмақ басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмақ Республикасының басшысы Бату Хасиковты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмақ Республикасының басшысы Бату Хасиковты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бату Хасиков Қазақстан аймақтарының Қалмақ Республикасымен өзара ықпалдастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бату Хасиковтың Республика басшысы лауазымында табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Реклама
Реклама

Бату Хасиков - кикбоксингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы, Fight Nights Global негізін қалаушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама