ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2022 | 13:33
Президент Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады
Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді. Жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын.
Жалпыұлттық референдумға қатысты түсіндіру науқанына AMANAT партиясы да атсалысқан. Республикалық және облыстық штабтар, мәслихаттардың барлық деңгейіндегі фракция депутаттары мен партияның жастар қанаты белсенді жұмыс істеп жатыр.
Мәжіліс депутаттары сапарларының барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасты. Көтерілген барлық мәселе бекітілген алгоритмге сәйкес Үкіметпен бірлесе жүйеленіп, пысықталады.
Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, сессия басталғалы бері 64 заң жобасы мақұлданған және 51-і қаралып жатыр. Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында әзірленген заң жобалары да бар.
Президентке Үкімет пен Есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға, сондай-ақ су ресурстары туралы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндалды.
Мәжіліс төрағасы Президентке парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстарды күшейту жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, мамырда Жамбыл облысы Қордай ауылындағы шекара заставасында Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінің халықаралық істер және қорғаныс жөніндегі салалық комитеттерінің бірлескен көшпелі отырысы өткізілді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік-логистикалық және кедендік рәсімдерді жақсарту мәселелері қарастырылды.
Маусым айында депутаттар Армениядағы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесі мен Қырғызстандағы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырыстарына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жиындарда заң шығару қызметі мен сайлауды бақылау жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланбақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также