11 қаңтар 2022 | 15:04

Президент Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысына қатысты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Пленарлық отырысқа дейін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы премьер-министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.

Фракциялар жетекшілері Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдірді.

Реклама
Реклама

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44-бабына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынды.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін", – деді Президент.

Саяси партиялардың фракция жетекшілері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдіріп, сөз сөйледі.

Талқылаулардан кейін дауыс беріліп, Мәжіліс Президенттің Әлихан Смайыловты Үкімет басшысы лауазымына тағайындау жөніндегі ұсынысына келісім берді.

Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында қайғылы күндері бірлік танытқан қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдірді.

"Жуық арада болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күресте азаматтарымыздың көпшілігі патриоттық танытты. Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная