08 ақпан 2022 | 13:15

Президент Тоқаев: Нағыз алматылық рухты жаңғыртуымыз керек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының дамуы мен қала тұрғындарының өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының дамуы мен қала тұрғындарының өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа үн қатты.

"Алдыңызда өте үлкен және күрделі міндеттер тұр. Алматы біздің ерекше қаламыз. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге зор мән беруіміз керек. Жалпы, нағыз алматылық рухты жаңғыртып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күйін қайтаруымыз керек", - деді ол.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың басында Алматыға сапары барысында нақты мәселелер талқыланатынын айтты.

"Шынымен де, мәселелер бар. Онымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев айналысты. Бір мәселелерді шешіп, алға жылжыса, кей жерде түрлі себеппен үлгермеді, шеше алмады. Қалай дегенмен, жалпы бағыт дұрыс. Сондықтан бұл бағытта алға жылжу керек. Алматы жұртшылығымен өте тығыз байланыста жұмыс істеуге тура келеді деп ойлаймын. Осы қалаға жұмыс сапарым барысында нақты мәселелерді талқылауымыз керек екенін тағы да қайталаймын", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram