21 қаңтар 2022 19:55

Президент Тоқаев Ресей және АҚШ-пен келісімдерді ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы:

  • "Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану" жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 
Реклама
Реклама

Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге 2019 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру.

Кез келген қазақстандық әуекомпания Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына шектеусіз жиілікпен жолаушылар рейстерін, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункт арасындағы жүк рейсін орындай алады.

"Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану" жобасын жүзеге асыру үшін бір миллиард доллардан аса инвестиция тарту жоспарланып отыр, зауыт құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс. Келісімде қазақстандық мамандарды кәсіпорынға міндетті түрде жұмысқа орналастыру талабы қарастырылған.

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім еткендей, келісім заманауи химия кешенін салып, пайдалануға беруді көздейді. Зауыт өнімдері еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосатынына сенімді екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram