ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2022 | 15:48
Президент Тоқаев ТЖМ басшысына тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президентке ТЖМ бөлімшелеріне төтенше жағдай кезінде жүктелген шаралардың атқарылуы туралы баяндалды.
Министр заңға қайшы әрекеттер мемлекеттік мекемелер мен бизнес-нысандардың ғимараттарында алапат өрт шығуына себеп болғанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Қызметтік міндетін атқару кезінде ТЖМ-нің 10 қызметкері түрлі жарақат алғаны, ал біреуіне оқ тигені айтылады. Шабуылдар барысында 29 дана өрт сөндіру техникасы бүлінгені, оның ішінде 5 өрт сөндіру автоцистернасы өртеніп кеткені белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев берілген тапсырмаларды орындауды жалғастыруды тапсырып, халықты құлақтандыру жүйелері арқылы өз кезінде хабардар етіп отыруға назар аудару керегін баса айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также