ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 20:50
Президент Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Досаевқа тапсырма берді
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы ахуалы мен алтын-валюта қорының жағдайы туралы мәлімделді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысына инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға және валюта айырбастау орындарындағы алып-сатарлық операциялардың алдын алуға бағытталған ақша-несие саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері мен алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы баяндалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына валюта нарығының, банк секторының және қаржы нарығының басқа да сегменттеріндегі ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также