ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2022 | 17:35
Президент Тоқаевтың жаңа сұхбаты республикалық телеарналардан көрсетіледі
17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең, 17 ақпанда сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі", - деп жазды Берік Уәли.
Баспасөз хатшысы Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап беретінін айтты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы "Хабар 24" телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент өзекті және қоғамдық мәселелерге жауап берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также