Президент Түркі мемлекеттері ұйымы маңызды шешімдер қабылдағанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Президент Түркі мемлекеттері ұйымы маңызды шешімдер қабылдағанын мәлімдеді Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды.

Бабаларымыз "Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір" деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін. Бірлігіміз нығая берсін!" - деді Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті аясында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама