12 қазан 2021 | 16:58

Президент Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысуға келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Түрікменстан өткізген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде ынтымақтастықты одан сайын күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Сондай-ақ, дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы қарастырылғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Рашид Мередов Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртуды қабыл алатынын айтып, қазақ-түрікмен ынтымақтастығына барлық сала бойынша тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram