Президент ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Президент ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда ақпаратынша, Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Реклама
Реклама

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы елшілерін тағайындаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама