Президент үлгілі отбасыларға автокөлік сыйлады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мерейлі Отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарына автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқауда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бимаханбетовтер отбасы жеңіске жетті. Олар арнайы статуэткамен және дипломмен марапатталды.

"Жеңімпазға кілтті де табыс етемін. Бұл - Қазақстанда өндірілген әмбебап шағын автобус. Біз бүгінде автокөлік өндіретін мемлекетке айналдық. Бұл - отбасыларға арналған отандық автокөлік. Сіздер білетін боларсыздар, Қазақстанда бұрын мұндайды шығарған емес. Біз жылына 200 мың автокөлік өндіретін боламыз. Мен үнемі мұндай автобуспен мемлекет басшыларын қабылдаймын, отырамыз, қыдырамыз - экскурсияның барлық түріне ыңғайлы", - деді Президент марапаттау салтанаты кезінде.

Реклама
Реклама

Ол байқауда жеңімпаздарды анықтаудың қиын болғанын айтты. Финалға шыққан тағы 15 отбасы да марапатқа ие болды. "Комиссия жүлдені ең көпбалалы отбасы алуы тиіс деп шешті. Дегенмен қалған 15 отбасы да қазақстандық көліктерге ие болады - барлық финалистер. Қазір мына жерден шыққанда алдарыңда тұрады, мініп кете бересіздер", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл шараның жыл сайын өткізілетін болатынын айтты. "Балалар, немерелер, шөберелер көп болуы үшін дайындалу керек. Бұл Қазақстанға керек. Барлық қазақстандық отбасыға денсаулық, бейбітшілік, келісім, игілік пен бақыт тілеймін!" - деді Президент. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама