15 наурыз 2024 | 15:54

Президент Ұлттық кітап күнін белгілеу ұсынысын қолдады

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Ұлттық кітап күні болуы мүмкін. Бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Ұлттық кітап күні болуы мүмкін. Бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент кітапқұмарлық – жақсы қасиет екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек", - дейді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная