ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 сәуір 2014 20:14
Президент жарлығымен Алматы қаласының шекарасы кеңейтілді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Алматы қаласының шекарасы өзгеріп, қала аумағына облыстың біраз жерлері кіргізеледі" - делінген жарлықта.
Алматы қаласының шекарасы жалпы аумағы 23200 гектар жерге кеңімек. Алматы облысына қарасты, Іле ауданынан 604,6 гектар, Қарасай ауданынан 16069,7 гектар және Талғар ауданынан 6525,7 гектар жер қалаға беріледі.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу