Президенттікке ниет білдірген тағы бір адам қазақ тілі емтиханынан өте алмады

Бақтияр Естемесов. ©Ренат Ташқынбаев

Президент сайлауына өзін-өзі ұсынушы Бақтияр Естемесов мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бақтияр Естемесов қазақ тілін жетік меңгермеген", - деді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков. Оның айтуынша, ниет білдіруші жазба жұмысында 50 қате жіберді. 

Жолдасбеков журналистерге Естемесов жазған шығарма мен оның Орталық сайлау комиссиясына берген өтінішін көрсетті. Өзін-өзі ұсынушы оларды да қатемен жазған. "Күлесің бе, жылайсың ба?! Міне, біздің болашақ үміткерлеріміз осындай", - деді Жолдасбеков. 

Реклама
Реклама

Бақтияр Естемесов 1972 жылы туған, Астанада тұрады, ОСК мәліметінше, ол - жеке кәсіпкер. 

Айта кетейік, әзірше лингвистика комиссиясынан оң баға алғандар көп емес. Олардың арасында қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар Лимана Қойшиева мен Қанат Тұрагелдиев бар. Комиссия бұл азаматтар мемлекеттік тілді жетік біледі деген қорытындыға келді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама