Президенттің баспасөз хатшысы Тамыз конференциясында қандай мәселе көтерілетінін айтты

Президенттің баспасөз хатшысы Тамыз конференциясында қандай мәселе көтерілетінін айтты Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Биыл Тамыз конференциясына алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Тамыз конференциясының соңғы дайындығын министр Асхат Аймағамбетовпен пысықтадық. Ұлағатты ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. Бұл биылғы Тамыз конференциясының қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек", - деп жазды Берік Уәли. 

Сондай-ақ ол Тамыз конференциясында мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, озат оқушы тәрбиелеу, мектептер, үштілділік және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері көтерілетінін айтты.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама