08 қыркүйек 2022 | 14:13

Президенттік сайлауға шамамен 20 миллиард теңге қажет - вице-министр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы президент сайлауына жұмсалатын шығындар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы президент сайлауына жұмсалатын шығындар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғандықтан, бұл қаржы сол жылдың бюджетіне енгізілген.

"Бірақ енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл Үкіметтің резервінен ақша бөлінеді. Қазір ОСК есептеп жатыр. Бұл шамамен 20 миллиард теңге", - деді Савельева Мәжіліс алаңында журналистер сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, ең төменгі жалақының өсуіне байланысты сайлау шығындарының артуы мүмкін.

"Сайлауға байланысты барлық шығынның 90 пайызға жуығы сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл 70 мыңнан аса адам болады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны ескере отырып есептеледі. 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500 теңге болатын. Биыл – 60 мың", - деп қосты ол.

Сондай-ақ, вице-министр парламенттік сайлауда шамамен осындай шығындар күтілетінін айтты. Бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатынын ескерсек, шығын шамамен 25 миллиард теңге болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная