08 қазан 2022 | 16:27

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен қазақ тілінен емтихан тапсырды

Сұлу Бөлек Корреспондент
mssi.kz

Президенттікке кандидат, тіркелмеген Yntymaq партиясының жетекшісі Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттікке кандидат, тіркелмеген Yntymaq партиясының жетекшісі Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

"Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін тіркелмеген Yntymaq партиясының жетекшісі Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат ретінде ұсынылғанын хабарлаған едік.

2022 жылғы 28 қыркүйекте "Аманат" Қазақстан Кәсіподақтар Достастығы" ӨКМ орталық атқару комитетінің отырысы өтті. Сол кезде Мейрам Қажыкен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылған.

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Ол - экономика ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, әлеуметтік-экономикалық жүйені, бейімделген экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі тұжырымдамасы жөніндегі кітаптардың авторы. Мейрам Қажыкен - Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың көшбасшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная