10 қазан 2022 | 14:38

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев қазақ тілінен емтихан тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев қазақ тілінен емтихан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев қазақ тілінен емтихан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өткен.

Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтаған: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.

Реклама
Реклама

"Кандидат "Түркістан - ер түріктің бесігі" тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Жүсіпбек Аймауытұлының "Ақбілек" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Ана тілім - асыл қазынам" тақырыбына ойын ауызша баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен бірауыздан шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная