14 сәуір 2022 12:18

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Руслан Желдібай / Primeminister.kz

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Руслан Желдібай 2022 жылы ақпанда премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

Реклама
Реклама

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары - "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram