Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөзі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың парақшасынан

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.

Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Руслан Желдібай Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келіскенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге барған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама