ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2019 | 09:59
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды
Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Исабаева бұған дейін Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған еді.
Ал бұл қызметке ол Қайрат Нұрпейісовтің орнына келіп отыр. Ол өз кезегінде басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Көптеген елде Қазақстанның елшісі қызметін атқарып, бірқатар марапатқа ие болған.
Показать комментарии
Читайте также