10 наурыз 2021 | 09:18

Президенттің тазы иттері туралы ақпарат жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев

8 наурызда Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олар екі жаста екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 наурызда Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олар екі жаста екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі редакция тілшісіне.

Суреттер Халықаралық әйелдер күнінде жарияланған. Жазба сипаттамасында: "Керемет күн. Таңертеңгі серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады" деп жазылған.

Реклама
Реклама

"Сиыр қарнын беремін". Тазыны қалай баптау керек?

Қазақтың тазысы мен төбетін басқа елдер патенттеп алуы мүмкін бе?

"Ауызбіршілігіміз жоқ". Қазақстан тазыны неге патенттей алмай отыр?

Бұған дейін тазы тұқымдас иттер жойылып бара жатқаны туралы хабарланған еді. Отандық ғалымдар мен кинологтар бүкіл Қазақстанда оның азайып бара жатқанын айтып отыр. Сарапшылар егер бұл одан әрі жалғасатын болса, жақын арада бүкіл әлемде жойылып кетуі мүмкін деп қорқады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная