29 қазан 2024 | 15:07

Прокуратура 15 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды

Ақмола облысында пайдаланылмайтын жер учаскелерi мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында пайдаланылмайтын жер учаскелерi мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін кейіннен адал пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтару тапсырылды.

Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізіліп жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 миллион теңге болатын, жалпы ауданы 15 мың гектар болатын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 миллион теңге болатын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатқаны айтылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная