01 наурыз 2022 | 16:04

Прокуратура Ақтөбе облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар мен зардап шеккендер туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеудің барысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеудің барысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, облыс әкімдігі ғимаратын күштеп басып алу мен погромдардан келген шығын 230 миллион теңге.

"Арандатушылар ықпалымен болған заңсыз наразылық акциялары Әйтеке би, Хромтау, Темір және Мұғалжар аудандарында болған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мен арнайы прокурорлардың жетекшілігімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. 14 қылмыстық іс, оның ішінде 2 террористік қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы қылмыстар бойынша күдікті ретінде 12 адам қамауда, 8 адам үйқамақта отыр", - деп хабарлады прокуратура.

Реклама
Реклама

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан тәртіпті қамтамасыз еткен 31 полиция қызметкері әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алып, қызметтік көліктер мен арнайы көліктерге зақым келгені атап өтілді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция қызметкерлерінің заңсыз тергеу әдістерін қолдану дерегі бойынша төрт сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, барлық іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды. Ұсталғандардың туыстары мен қорғаушыларына күнделікті жеке қабылдау ұйымдастырылады", - деп қосты олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная