Прокуратура Астанадағы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атады

Фото:depositphotos.com

Астанада қала прокурорының төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада қала прокурорының төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 9 айында елордада жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге жуық өсті, делінген прокуратураның есебінде. Жазатайым оқиғалардың салдарынан 1383 адам зардап шеккен, оның 28-і қайтыс болды, оның ішінде үшеуі кәмелетке толмағандар.

Қаланың инфрақұрылымындағы кемшіліктер, соның ішінде бағдаршам, жарықтандыру және жол белгілерінің жоқтығы анықталды.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері:

  • жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және маневр жасау ережелерін бұзу;
  • бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту;
  • арақашықтықты сақтамау;
  • қарсы жолақпен жүру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама