31 қазан 2022 | 13:31

Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда Атырау қаласының №2 сотында Хаменованың ісі бойынша тараптар жарыссөзі басталды.

"Мүлігі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын", - деді прокурор Лаура Асанова.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де орташа қауіпсіздік мекемесінде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова алдын ала келісім бойынша пара алды деп айыпталып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная