ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2024 | 16:02
Прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күн туралы айтып берді
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдауда, айыптаушы тарап Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасының қалай және қандай жағдайда болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдауда, айыптаушы тарап Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасының қалай және қандай жағдайда болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурордың айтуынша, кісі өлімі болған күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада концертке барған. Олардың арасында жанжал туындайды. Артынша олар мейрамханаға барған, ол жерде жанжал жалғасқан. Әйел Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтып, бұл туралы ағасына жіберген хабарламада айтқан.
Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басынан бірнеше рет қатты соққы жасаған. Осыдан кейін ол оны тепкілей бастайды. Нүкенова қашуға тырысып, бөлмелердің біріне кіріп, есікті жауып алған. Бірақ Бишімбаев есікті ашып, оны тағы да ұрып-соғады. Нүкенова бірнеше рет есін жиған, бірақ экс-шенеунік оны ұрып-соғуды тоқтатпаған.
9 қарашада аса ауыр қылмыс жасаған соң Бишімбаев гастроцентр директоры Байжановқа телефон соғып, еш түсіндірместен жұмысқа келуді бұйырған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, гастроцентрге жеткенде Байжанов ес-түссіз жатқан және біртүрлі дыбыс шығарып жатқан Нүкенованы көрген. Сондай-ақ, ол оқиға орнынан қан мен жұлынған шашты көрген. Бишімбаевтың өтініші бойынша, олар Нүкенованы көтерген. Бұл ретте оның денесі қозғалмаған және иілмеген. Оны диванға жатқызады. Бірнеше сағаттан кейін Байжанов Нүкенованың қайтыс болғанын біледі.
Айта кетейік, 16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.
Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также