Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Протон-М" өтемақысы бойынша келіссөздер әлі аяқталған жоқ

04 Маусым 2014, 15:26
0
©rus.azattyq.org
©rus.azattyq.org

Қазақстан аумағында апатқа ұшыраған "Протон-М" зымыран тасығышының өтемақысын төлеу бойынша келіссөздер әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары жөніндегі министрі Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасап.

"Қазір біз өтемақыны төлеуге қатысты келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Осыған орай, арнайы жұмыс тобы да құрылған. Бұл - оңай шаруа емес. Қандай да бір жаңалықтар болса, біз бірден хабарлайтын боламыз", - деді бүгін Н.Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда министр Роскосмос немесе Ресей үкіметінің өзімен арнайы келісімшартты рәсімдеу мәселесінің пысықталып жатқандығын жеткізді. Аталған құжатқа сәйкес, болашақта Қазақстанның Экологиялық кодексі нормалары Байқоңыр қаласына да таралуы мүмкін. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде ол жерде Ресей Федерациясының заңнамасы енгізілген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай