21 тамыз 2017 16:42

Психолог Қазақстанда неліктен ажырасу тым көп болып жатқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorn.me © gorn.me

Қазақстан психологтары қауымдастығының президенті Владимир Стеблянко елімізде ажырасу саны неліктен көп болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан психологтары қауымдастығының президенті Владимир Стеблянко елімізде ажырасу саны неліктен көп болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Владимир Стеблянконың сөзінше, ажырасуға негізгі себеп - отбасы беделінің және құрылым ретінде отбасы құндылығының құлдырауы. 

"Сот залында жиі боламын. Сарапшы психолог ретінде ажырасу процестеріне қатысамын. Отбасы қоғамның бастапқы құрылымы еді, өзгенің барлығы осыдан өрбиді, осыдан қалыптасады. Ал қазір отбасы екінші орынға түсіп қалды. Басты себеп осы және бұл үлкен дерт", - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол қазіргі кезде ажырасу саны күн өткен сайын артып, көпшілік қызметтік мансап пен материалдық жетістікті ойлайтынын атап өтті. 

"Бізде ер жеткен адамдардың бәрі бизнесті ғана ойлайды. Бізге ақша көп келе бастады. Қазақстанда қазір басты құндылық материалдық жетістіктер, қызметтік мансап пен билік болып отыр. Ал бұрын махаббат еді, ол кейін отбасына ұласатын", - дейді Стеблянко. 

Сарапшының сөзінше, мұнымен отбасы құндылығын мемлекеттік деңгейде арттыру арқылы күресу қажет. 

"Жан-жаққа көз салайық, бізде отбасы құндылықтарын насихаттайтын бағдарламалар бар ма? Жоқ. Бүгінде мемлекет бұған назар салып отырған жоқ. Өкінішті, әрине", - дейді психолог. 

Ажырасуға субъектив себептердің бірі ретінде сарапшы әке мен бала проблемасын атады. 

"Ата-аналар балаларын ойлау керек. Бізде қазір балаға қамқорлық материалдық деңгейде ғана көрінеді - қандай смартфон алу керек, қай мектепте немесе ЖОО-да білім алу керек деген сияқты, ал махаббат пен тәрбие кейінге ығысқаны өкінішті", - дейді ол. 

Еске салайық, ресми статистика бойынша, Қазақстанда 1 тамыздағы көрсеткішке сай 75 701 неке және 31 469 ажырасу тіркеліп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети