ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2020 | 11:05
ПТР анықтамасы жоқ ұлыбританиялық Ақтау әуежайынан депортацияланды
Коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ Ұлыбритания азаматы Ақтау әуежайынан депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Facebook-те жазды.

"24 қазанда Ақтау әуежайынан ПТР анықтамасы жоқ Ұлыбритания азаматы депортацияланды.
Сондай-ақ, 24 қазанға қараған түні 9 рейспен 1158 жолаушы келді, оның ішінде 951 адамда анықтама бар және 207 қазақстандықта жоқ болды", - деп жазды Байғабылов.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамасы бар - 385, анықтамасыз - 86;
Алматыда - 4 рейс, 588 жолаушы, анықтамасы бар - 472, анықтамасы жоқ - 116;
Ақтауда - 1 рейс, 99 жолаушы, анықтамасы бар - 94, анықтамасы жоқ - 5.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларына анықтамасыз келген қазақстандықтар ПТР талдау тапсыру үшін карантиндік стационарларға жатқызылды. Ол жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь және Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен келгенін атап өтті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также