27 желтоқсан 2020 11:53

ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz.

2020 жылы 25 желтоқсанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі тұрғыннан COVID-19 табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ПТР-сараптамасының нәтижелері бойынша, Қазақстанға 2020 жылдың 25 желтоқсанында ұшып келген 206 азамат ішінен Анталия - Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі жолаушыға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды", - деді комитеттегілер.

Реклама
Реклама

2020 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Үндістан, Мальдив аралдары, Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 14 халықаралық рейс келген.

1606 жолаушының 1336-да ПТР-сынаманың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған, 270 қазақстандық азамат анықтамасыз ұшып келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram