29 наурыз 2021 | 10:33

ПТР-сынама балаларда ми жарақаты қаупін арттыратыны туралы фейк тарады

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда Telegram желісінде тараған ақпарат қолданушылар арасында алаңдаушылық туғызды. Онда  сарапшылар СOVID-19-ға ПТР-сынама үшін биоматериалды алу әдісі балаларда ми жарақаты қаупін едәуір арттырады деген қорытынды шығарғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Telegram желісінде тараған ақпарат қолданушылар арасында алаңдаушылық туғызды. Онда  сарапшылар СOVID-19-ға ПТР-сынама үшін биоматериалды алу әдісі балаларда ми жарақаты қаупін едәуір арттырады деген қорытынды шығарғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабарлама мәтініне сәйкес мектептерде ПТР-анықтама талап ету балаларға зиян келтіреді. Тиісті анықтамасыз балаларға сабаққа қатысуға тыйым салынғаны жазылған.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметіне сүйенсек, бұл хабарлама жалған.

"Біріншіден, Қазақстанда ондай талап жоқ. Балалар бас санитария дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, мектепке бара алады. Оқушыларға арналған ПТР-анықтаманың қажеттілігі туралы айтылмаған.

Екіншіден, ПТР-сынамасы үшін биоматериал алу арқылы миға зақым келтіру мүмкін емес. Бұрын біз бұл туралы жаздық және талдау алу үшін өткір металл бөлшектер қолданылмайды. Мұрын мен жұтқыншақ арасында шырыш жиналып, миға дейін қалың бұлшықет қабаты және сүйек негізі орналасқан", - делінген хабарламада.

ПТР-сынама ми жарақаттарының көбеюіне әкелуі мүмкін деген теория дәлелденбеген және ғылыми деректерге қайшы келеді, дейді БАҚ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная