25 қаңтар 2022 | 19:50

Пулеметтер, автоматтар, гранаталар: полиция ұрланған қанша қару тәркілегенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бүгінге дейін ұрланған қару-жарақтың 515 данасы табылып, тәркіленді. Олардың ішінде пулеметтер, автоматтар, гранаталар бар. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінге дейін ұрланған қару-жарақтың 515 данасы табылып, тәркіленді. Олардың ішінде пулеметтер, автоматтар, гранаталар бар. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтың айтуынша, шабуылдар кезінде 7 аңшылық дүкен тоналған, оның ішінде 1564 азаматтық қару ұрланған. Қауіпсіздік күштерінен қанша қару ұрланғаны туралы мәлімет жоқ.

"Антитеррорлық операция барысында ұрланған 515 қару-жарақ табылып, тәркіленді. Оның ішінде 75 автомат, 133 тапанша, 2 пулемет, 47 винтовка және 103 тегіс ұңғылы қару, 100-ден астам граната және 9 мың патрон бар.

Қару ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына, ал заңсыз сақтағаны үшін 61 адам қамауға алынды", - деді Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Ол ұрланған қару тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін, өйткені оны кез келген заңсыз әрекеттерге қолдануға болатынын айтты.

"Қару ұрлығына барлық адамдардың қатысы болмауы мүмкін екенін ескере отырып, оларды анықтаған азаматтарды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Бүгінгі таңда 31 қару өз еркімен тапсырылғанын атап өтемін", - деді ол.

Сондай-ақ ол азаматтарды сабырлы болуға шақырып, жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізуге бағытталған тергеу процедураларына түсіністікпен қарауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная