Пусанда қазақстандық "Схема" фильмінің көрсетілімі өтті

Пусан кинофестивалінде қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "Схема" фильмінің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Пусан кинофестивалінде қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "Схема" фильмінің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Картина ең қызық 30 фильм енген "Азия киносына терезе" бағдарламасында ұсынылды. Кореялық KBS арнасының сарапшысы режиссер Шәріпов балалар проблемасын көтергенін айтты. Ал DailyN басылымы қазақстандық фильм көрерменді өзіне баурап алады деп жазды.

Еске салайық, "Схема" биыл Берлин кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Фильмде жеткіншектерді пайдалану, нашақорлық пен маскүнемдік мәселелері көрсетілген. Басты актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов үшін бұл кинодағы дебют болды. Қазақстанда "Схема" биыл сәуірде жарыққа шықты. Фильм бірнеше кинотеатрда ғана көрсетілді.

Реклама
Реклама

"Егер күрделі және әлеуметтік бағыттағы тақырып болса, әрине, оның аудиториясы шектеулі болады. Ел ішіндегі дистрибуция қайта құрылып, бізге есігін ашқанын қалаймыз. Ал әзірге Голливудпен бәсекелесу бізге қиын. Өйткені олар алдыңғы қатарда, ал Қазақстан фильмдері соңында тұр", - кинорежиссер Фархат Шәріпов.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная