ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қазан 2022 09:46
Путин Астанаға келді
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорда әуежайында Ресей басшысын Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті мен Қытай вице-президенті қатысады. Саммит барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ұйымның негізгі басымдықтарын талқылау жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу