ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2024 | 14:35
Путин Астанаға келеді
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кеңейтілген кездесуде мәлім еткендей, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған.
Бұған дейін Ресей басшысы Қазақстанға биылғы шілдеде - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін келген болатын.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. Кейінірек одаққа Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также