Путин: Барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін

Ресей президенті Владимир Путин. © РИА Новости

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.  

Владимир Путин өзінің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму ісінде зор табысқа қол жеткізгенін, әлемдік аренада үлкен беделге ие екенін, халықаралық өзекті проблемаларды шешуде маңызды әрі конструктивті рөл атқаратынын атап өткен.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін. Мұның бауырлас халықтарымыздың мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз. Сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанымызды білдіреді. Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін", - делінген Ресей Президентінің жеделхатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама