Путин мен Ердоған Назарбаевқа зор денсаулық тіледі

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путинмен телефон ар?ылы с?йлесті. ??гімелесу барысында Владимир Путин Н?рс?лтан Назарбаевты ту?ан к?німен ж?не Астананы? 20 жылды?ымен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астананың 20 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Президенті Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі", - делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
 
"Әңгімелесу барысында Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтады. Түркия көшбасшысы Мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорданың сайтында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама