ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2019 | 10:12
Путин Назарбаевқа алғыс айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖЕЭК отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басты мәселелері талқыланды.
Басқосуда ұйым жұмысының аралық қорытындылары жасалып, тараптар алдағы жылдардағы интеграциялық қарым-қатынастың перспективалары туралы пікір алмасты.
Жиында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ұйымның құрылуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
"Мен осы қауымдастықты құруға бастамашы болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасына ризашылығымды білдіргім келеді. ЕАЭО жақсы жұмыс атқарып келеді. Біз Сізді Санкт-Петербургте жаңа мәртебеде қарсы алғанымызға қуаныштымыз", - деді Ресей Президенті.
Шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулердің қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Показать комментарии
Читайте также