Путин Назарбаевқа телефон соқты

© Тұрар Қазанғапов

Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путин Н?рс?лтан Назарбаевпен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ресей Президенті Қазақстан Президентін биылғы 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің Астанада табысты өтуімен құттықтады.   

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағы қақтығысты реттеу үшін Ресей жағынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Тараптар Астана процесін жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.      

Бұдан бөлек, Президенттер алдағы уақытта болатын кездесулер кестесін, соның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық барысын қарастырды.

Екі ел көшбасшылары екі жақты өзара іс-қимылдың барлық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.    

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама