Путин Назарбаевты алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

© akorda.kz

Владимир Путин шет мемлекеттер мен ?кімет басшыларын, сондай-а? халы?аралы? ?йымдарды? басшыларын Рождество мерекесімен ж?не алда келе жат?ан жа?а 2018 жылмен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путин шет мемлекеттер мен үкімет басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларын Рождество мерекесімен және алда келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтаған Ресей президенті жақында екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы атап өтілгенін және бұл айрықша мерейтойдың Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының барлық салаларында жаңа жетістіктермен сараланғанын еске салды.

Путин Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін одан әрі табысты дамуынан үмітті екенін білдірді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама