ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 мамыр 2018 09:45
Путин Назарбаевтың бойындағы таңғаларлық қасиетті айтты
Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың өз айналасына өте тиімді адамдарды жинай алатын қасиетін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин Ресей президенті Владимир Путиннен сұхбат алды.
"Шынымды айтсам, Нұрсұлтан Әбішұлының бойында мені үнемі таңғалдыратын әрі қуантатын қасиет бар, ол тамаша мансап жолын кеңес заманында-ақ жасады. Бұл қасиет - кеңестік дәуірден өтсе де, әрдайым болашаққа ұмтылуы. Бұл таңғалдырарлық қасиет", - деді Путин сұхбат барысында.
"Ол, біріншіден, айналасына тиімді, жас адамдарды жинай алады, өзі мықты адамдармен қатар тұруға ешқашан қорыққан емес. Бұл кез келген мықты басшының қасиеті", - деді ресейлік лидер.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу