11 шілде 2020 12:10

Пышақ ұстаған астаналық әйел супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады.

Реклама
Реклама

"Жақындама маған", - деп айқайлайды әйел сөредегі тауарларды лақтырып.

Сондай-ақ, оның аузынан әділетсіздік және үйде күтіп отырған балалары туралы сөздер шығады.

"Өзімшілсіңдер!", - дейді ол құқық қорғау қызметкерлері келген соң.

Абай болыңыз! Әдепсіз сөздер!

Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"10 шілдеде сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сермеп, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені, витринаның тас-талқанын шығарып, азық-түлікті шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл деректі растады. Ұстау кезінде бұрын сотталған 1990 жылға әйел полицейлерге қарсылық көрсетті. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram