"Пышақтаймын деп қорқытты": Павлодарда қызға шабуылдаған ер адам видеоға түсіп қалды

Павлодарда көшеде қызға шабуылдаған ер адам видеоға түсіп қалды. Ол қыздан телефон тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда көшеде қызға шабуылдаған ер адам видеоға түсіп қалды. Ол қыздан телефон тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық 18 жастағы қыз бұл оқиға туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Маған кеше сағат 5-те Бектұров көшесінде шабуыл жасалды. 35-40 жастағы мас адам шабуыл жасап, аузымды жауып, телефонымды сұрай бастады. Мүмкіндігінше айғайлап, ұрып соқтым, ол өлтіремін, пышақтаймын деп қорқытты. Телефонымды бердім, ол телефоннан пин-кодты талап етті, содан кейін ақша бар ма деп сұрады, жоқ дедім. Ол жібергеннен кейін мен айғайлап, көмекке шақыра бастадым", - деп жазды павлодарлық.

Реклама
Реклама

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.

"Осы дерек бойынша жәбірленуші полицияға жүгінбеген. Сонымен қатар, Видео бойынша Павлодар ҚПБ Орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы павлодарлық болып шықты", - деді полициядағылар.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама