Қайтыс болған Рахат Әлиевтің қанынан 5 дәрі-дәрмек табылды

© APA

Вена түрмесінде қайтыс болған Қазақстанның экс-елшісі Рахат Әлиевтің қанынан бес түрлі препарат табылды - золпидем (ұйықтататын дәрі), бромацепан (тыныштандыратын дәрі), ауырғанды басатын және қызу түсіретін парацетамол, сонымен қатар, Әлиев сусамыр және гипертония ауруына қарсы қолданған дәрінің екі түрі. РИА Новости басылымының хабарлауынша, бұл туралы vienna.at порталы австриялық АРА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап жазған.

Сараптаманы Инсбрук медициналық институтының басшысы Рихард Шейтхауэр жүргізді.

Осыған дейін австриялық ақпарат құралдары Рахат Әлиевтің қанынан барбитурат есірткі затының табылғанын хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, барбитурат (дәрі) алдын ала жасалған тест нәтижесінде белгілі болды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады.

Австриялық Kurier басылымының хабарлауынша, экс-елшінің өліміне дейін одан ақша талап етіп, оны қорқытқан. Осы себеппен Әлиев үш адамдық камерадан бір адамдыққа ауыстырылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама