Қаланың сыртына шығарып, ұрып-соққан: Шымкент тұрғынынан 15 мың доллар ақша бопсалаған

Көрнекі сурет: usolie.info

Т?рт ер адам Шымкент т?р?ынынан 15 мы? долларын ?рлап ?кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Төрт ер адам Шымкент тұрғынынан 15 мың долларын ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, 2017 жылы 27 желтоқсанда Шымкент қаласының Қаратау ІІБ-не бір жігітті төрт белгісіз ер адамның физикалық зорлық-зомбылықпен қорқытып, одан 15 000 АҚШ доллар мөлшерінде ақша ұрлап әкеткені жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Зиян келтіру" бабы бойынша тіркелген.

"Тергеу барысында күдіктілер жігітті қаланың сыртына шығарып, оны ұрып-соғып, бір күн ішінде 15 мың АҚШ долларын тауып әкелуді талап еткен" , - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру шараларының нәтижесі бойынша, 30 бен 40 жас аралығындағы Шымкент қаласының төрт тұрғыны ұсталды. Күдіктілер жасаған іс-әрекеттерін мойындады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама